14 Сәу 2021
Школа №4 Гагарин

Мектеп тарихы

Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауы 1961 жылы орыс мектебі ретінде қалыптасқан. Сол жылы Совет Одағының ғарышкері Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшуымен оның есімін мектепке берілуі талқыланып, сол жылы №1 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі болып аталған. Кейіннен ұлт көсемі болып танылған В.И.Ленин атындағы орта мектеп №1 мектеп деп аталғандықтан, Ю.Гагарин атындағы мектеп №4 болып өзгертілген.

Қазіргі 3 қатарлы мектеп ғимараты 1971 жылы пайдалануға берілген.

Мектептің алғашқы директоры болып С.Л.Попов тағайындалған. Кейіннен мектепті әр жылдары басқарғандар: И.Крячко, Г.С.Астарханкина, Т.Қазбекова, Л.С. Сарсеновтар болды. Осылардың ішінде мектепті ширек ғасырға жуық (1984–2008 ж) басқарып, жас ұрпақтың саналы да тәрбиелі ұлт зиялылары болып шығуына бір кісідей тер төккен, артында жақсы ұстаздық қасиетімен ел алғысына бөленген тұлғаның бірі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Сарсенов Лұқпан Сарсенұлы ағай еді.

2008 жылдан бері қарай жас ұрпақтың бойына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде басшылық еткен адамдар:

–         Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы (2009 ж. қаңтар-қыркүйек);

–         Жұманиязов  Өміржан Жұмажанұлы (2009 ж. қыркүйек-қазан);

–         Ибрашев Жәнібек Ахотұлы (2009-2010 жылдар аралығы);

–         Ақтананова Ұлжан Базарғалиқызы (2010-2014 жылдар аралығы);

–         Стамғали Дина Қабдолқызы (2014-2015 жылдың желтоқсаны);

–         Қадым Әділжан Жұмажанұлы (2016 жылдың ақпан айынан бастап

қазірге дейін);

Осы мектепте қызмет етіп, кейіннен қала, облыс мектептерінде басшы болған тұлғалар:

–         Облыстық Х.Досмұхамедов  атындағы лицей директоры: Б.Шоханаев

(қазір дүниеден өтті), Ж.Бимурзиев (зейнетте), оқу ісінің меңгерушісі Сүйінова А (қазір басқа қалада)

– №8 Атамбаев атындағы орта мектеп директоры: С.Қалиев ( қазір басқа салада)

– Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының директоры Д.Таскарина, оқу ісінің меңгерушісі: М.Бекмұханбетова

– №3 мектеп директоры М.Фадин ( қазір басқа салада)

– №14 негізгі мектеп басшысы К.Нұржанова ( қазір басқа оқу орнында)

– №18 орта мектеп директоры: К.Жақсиев ( қазір басқа оқу орнында)

– №24 орта мектеп директоры: Ф.Чукеева ( басқа оқу орнында)

– №17 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі: Л.В.Жумурова

– № 1 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі: А.І.Жұмағалиева

– № 35 мектеп-гимназиясының оқу ісінің меңгерушісі: А.Қ.Баймұханова

– Аубекерова Баршагүл Өтемісқызы-әдіскер ұстаз, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, әдістемелік құрал авторы.

Мектеп ғимараты – 740 орындық. Қазіргі таңда 1179 оқушы, мектеп алды даярлық пен шағын орталық оқушыларын қосқанда 1402 бала дәріс алады.

Мектепте барлығы 110 педагог жұмыс жасайды.

Жоғары санатты педагогтар саны – 14, бірінші санатты – 32, ІІ санатты – 27,  санатсыз –37, сапа 42 % құрайды.