01 Қаз 2020
Школа №4 Гагарин

Мектеп формасы

№4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектеп оқушыларының формасына қойылатын талаптар 

Мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасын) сақтауға міндетті:

1) ұл балаларға: 1-8 сыныптар ақ көйлек, қара костюм шалбар және қызғылт – сұр түсті (клеткалы) жакет, 9-11 сыныптар ақ көйлек, қара костюм шалбар.
2) қыз балаларға: 1-8 сыныптар ақ кофта, қызғылт – сұр түсті (клеткалы) белдемше және жакет, 9-11 сыныптар ақ жейде, қара белдемше.
3)  Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған.
4) Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.